Қырғызстанда пиротехника тиеген жүк көлігі жарылып, 1 адам қайтыс болды. Бішкек – Нарын – Торугарт бағытында келе жатқан көлік аударылып, өртене бастаған. Кейін тиелген отшашулар атыла бастайды. Оқиға орнына 2 өрт сөндіру бригадасы келген Дегенмен жүк көлігінде болған 1 адамның өмірін арашалап қалу мүмкін болмаған. Қазір оның кім екені анықталып жатыр.
Оңғар Алпысбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанда пиротехника тиелген көлікте жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185430/)