Қарағандыда екі автобус соғылып қалды. Салдарынан түрлі жарақат алған 5 жолаушыға емханада көмек көрсетілді. Майқұдықтағы бағдаршамдардың бірінің маңында №56 және №44 маршруттар қақтығысқан. Алдын ала болжам бойынша бірі тежегішті басқан кезде, арттағы екіншісі екпінмен ұрған. Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда екі автобус соғылып, 5 адам жарақаттанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185437/)