Жезқазған қаласының жылу құбырларын жаңарту кезінде бюджет қаражаты талан-таражға салынған. 2021 жылы тұрғын үй коммуналдық бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын тым жоғары бағамен қабылдаған. Салдарынан/ қазынаның 223 миллион теңгесі артық төленген. Қазіргі таңда облыс прокуратурасы қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу» күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс облыс прокуратурасының тікелей бақылауына алынды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлытау облысында бюджеттің 223 миллион теңгесі талан-таражға түскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185439/)