Астанада дарынды балалардың фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дарынды балалардың фестивалі өтті

29.11.2023

Елордада «Арман асулары» ерекше қажеттіліктері бар дарынды балалардың кезекті фестивалі өтті. Республикалық шараға елдің түкпір-түкпірінен іріктелген қатысушылар 6 аталым бойынша сынға түсті.

Ал Гала концертте балалар белгілі эстрада әншілерімен бірге өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Биылғы фестивальде тек ерекше қажеттілігі бар жандар ғана емес, 35 жасқа дейінгі өнерлі жастар да бақ сынады.

Айдар Ақыпбаев, «Арман асулары» фестивалінің бас режиссері:

Бүгінгі таңда бұл фестиваль республикалық көлемде алалып өтіліп жатыр. Бұйырса болашақта халықаралық дәрежеде атап өтеміз деген ой бар. Үлкен сахналарда, әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген жұлдыздармен біздің осындай ерекше бүлдіршіндеріміз үлкен сахнаны бөліседі деген ойдамыз.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу