Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді. Бұл жайында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185461/)