Тұмаудың өршуіне байланысты Алматы, Астана және Шымкент қаласындағы 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев айтты. Онлайн оқу туралы шешім студенттер мен ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған. Қазір білім алушылардың арасында тұмаумен қатар қызылша ауруы да тарап жатыр, бірақ жұқтырғандар саны аз, деді ведомство өкілі.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Студенттер қашықтан оқуға ауыстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185485/)