Келесі жылдан бастап папиллома вирусына қарсы екпе салу қолға алынады. Бұл туралы Ғылыми-зерттеу институтының онкогинекологы Толқын Садықова айтты.
Астанада жетекші мамандардың қатысуымен республикалық конференция өтті. Жатыр мойны обырына қарсы вакцина 17 мың қыз балаға салынған. 2013 жылы еліміздің 4 қаласында жүргізілген пилоттық жоба оң нәтижесе берген. Папиллома вирусына қарсы екпе ерікті түрде салынады. Мамандар вакцина бедеулік тудырмайды, адам ағзасына зияны жоқ деп отыр.
Толқын Садықова, ҚР Ғылыми-зерттеу институтының онкогинекологы:
Екі дозалы 4 валентті, гардесилл вакцинасын енгізу 2024 жылдан бастап енгізіледі. 11 жастан қабылдайды, мектепте. Барлық ұйымдарда, баспаларда ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Түсіндіріледі. Тегін болады.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Келесі жылы жатыр мойны обырына қарсы екпе салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185556/)