Белгілі сатирик, актер, режиссер, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Асқар Наймантаев дүниеден озды. Асқар Наймантаев 1965 жылы, 17 маусымда Алматы облысының Нарынқол ауылында дүниеге келген. Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танылған. «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларын ашып, кино және театр сахнасында бірқатар рөлдерімен есте қалды. «Қазақстан» телерадиокорпарациясы марқұмның жақындарына көңіл айтады.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185632/)