Оралда тұрғындардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды. Атап айтқанда, бір азаматтың 2 миллион теңгесін күшпен тартып алған 39 жастағы ер адам анықталды. Күдікті бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ жазаланбаған.
Сондай-ақ, Теректі ауданының тұрғынынан 250 мың теңге бопсалаған 19 және 20 жастағы үш тұрғын ұсталды. Бәрі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда бопсалаушылар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185692/)