Алматы маңында оқушылар арасында жаппай төбелес тіркелді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіпсіздік Іле ауданына қарасты, Жәпек батыр ауылының мектебінде болған. 9-шы және 10-шы сынып оқушылары бір-біріне жұдырық жұмсаған. Екі бала зардап шегіп, біреуі жеңіл жарақат алған. Қазір осы оқиға ізімен Қылмыстық Кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Оқушылармен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында оқушылар жаппай төбелесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185715/)