Оралда мұздақ пен тұманның салдарынан әуе қатынасы тоқтады. Кешеден бері 4 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Түні бойы қар аралас жаңбыр жауып, әуежайдың ұшу-қону айлағында мұз қатқан. Салдарынан «Алматы-Орал» ұшағы Ақтөбеге қонды. Бүгін күн күрт жылынып, тұман түсті. Астанаға ұқшатын және Алматыдан келетін екі рейс уақыты бірнеше сағатқа кешіктіріліп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда әуе қатынасы тоқтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185721/)