Мәскеуде соңғы 70 жылда тіркелмеген қар жауды. Қала мен облысқа түскен қар биіктігі 28 см-ге дейін жеткен. Салдарынан Ресей астанасында 6 балдық көлік кептелісі тіркелді. Сонымен қатар, кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауғандықтан көктайғақ болып, жол-көлік оқиғалары көбейді. Новоригеск тас жолында 17 көліктің қатысуымен көлік апаты орын алды.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде 70 жылда болмаған қар жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185727/)