Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті

04.12.2023

Келер жылдың 11 наурызында қасиетті Рамазан айы басталады. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Жария болған мәліметке сәйкес, Ораза айт - 10 сәуірге, ал Құрбан айт - 17 маусымға сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір. Алайда, пәтуа мамандары діни мейрамдардың нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу