Алматы метросында бұдан былай пойыздар бес минут сайын жүреді. Қала әкімдігінің мәліметінше, желіде қатынайтын құрам саны артып, 11-ге жеткен. Себебі, оқу жылы басталғалы метромен жүретін жолаушы саны 70-тен 90 мыңға дейін өскен. Осыны ескерген «Метрополитен» желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылдаған. Әр пойыз 4 вагоннан тұрады. Сыйымдылығы – 900 адам. Айта кетейік, Алматы метросы 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір жолаушыларға 11 станция қызмет көрсетеді. Қосымша тағы 4 бекеттің құрылысы жүріп жатыр.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы метросында пойыздар 5 минут сайын жүреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185777/)