Қызылорда облысында 400-ден астам бүлдіршіннің ата-анасы екпе салдыртпаған. Қазір аймақта ахуал күрделеніп барады. Қызылша жұқтырған адам саны мыңнан асып кетті. Жұқпалы инфекция әсіресе, балалар арасында өршіп тұр. Желтоқсан айынан бастап 6 айлықтан 6 жасқа дейінгі балалар жаппай вакцинациялаудан өтіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, қызылшамен түскен науқастардың 80 пайызы 5 жасқа дейінгі балалар. Ауруы асқынған бір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір облыста 272 адам ауруханда ем алып жатса, соның 233-і бала. Өңірде 18 мың бала қызылшаға қарсы вакцина алған.
Мая Мирзанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Осы қызылшаға байланысты облыста бүгінгі күні 400-жуық бас тартулар бар. Сол ата-аналарға айтарым инфекцияны жеңу жолы тек вакцинация жолымен ғана жеңе аламыз.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында 400-ден астам бүлдіршіннің ата-анасы екпе салдыртпаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185840/)