Таразда ірі көлемде пара алған прокурорға қатысты сот үкімі шықты. Қалалық прокуратурада аға прокурор әрі әділет кеңесшісі болған Ғалымжан Жақыпов 5 жылға сотталды. Ол былтыр «сотталушыны босату үшін оң шешім шығарамын» деп күдіктінің жақындарынан 3 млн теңге талап етеді. Артынша қала дәмханаларының бірінде ақшаны алуға келіседі. Сол сәтте прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жасағы қылмыс үстінде қолға түсіреді.
Сондай-ақ ол оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша да кінәлі деп танылды. Бұрынғы прокурор Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша алаяқтыққа барған. Сот оған үш түрлі бап бойынша үкім кесті.
Данияр Әлімқұл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда пара алған прокурор сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185845/)