Әзербайжанда президенттік сайлау 2024 жылы ақпанның 7-де өтетін болды. Қаулыға мемлекет басшысы Ильхам Әлиев қол қойды. Ал Ресей парламентінің жоғарғы палатасы президенттік сайлаудың өтетін күнін наурыздың 17-не белгіледі. Федералдық кеңесте бұл ұсынысты 162 сенатор бірауыздан қолдаған. Кеңес спикері Валентина Матвиенко айтқандай, осы шешімнен кейін Ресейде сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталады. Дегенмен, Кремль басшысы Владимир Путин жаңа бесінші президенттік мерзім үшін бақ сынайтынын әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде президент сайлауы өтетін күн белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185929/)