Бюджет шығыны жылдан жылға өсіп жатыр. Келесі жылы елдегі барлық саланы қаржыландыруға 23 трлн 300 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде әлеуметтік салаға қазынадан 5 жарым трлн, денсаулық сақтау саласына 2 трлн 400 млрд теңге бөлінді. Білім беруге 1,6 трлн, қорғанысқа 1,2 трлн теңге бағытталды. Ал жергілікті бюджетті қаржыландыруға 5 трлн 200 млрд теңге аударылады. Оның ішінде ең көп қаржы Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарына тиесілі. Министрліктер арасында Ғылым және жоғары білім, Қаржы министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бюджеті көбірек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бюджет шығыны жылдан жылға өсіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185948/)