Батыс Қазақстан облысында скарлатина жұқтырған тағы бір баланың жағдайы ауыр. Жұқпалы дерт аудан орталығы Тасқала ауылындағы 6 баладан анықталды. Төрт баланың екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, тағы екеуі Тасқала аудандық орталық ауруханасында ем алып жатыр. Айта кетейік, скарлатинамен ауырып көз жұмды деген 4 жастағы қыз балаға патолого-анатомиялық сараптама жасалды. Өлімге нақты қандай аурудың себеп болғаны қосымша зерттеулерден кейін анықталады. Ал ауылдағы балабақша карантинге жабылды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстанда скарлатина жұқтырған бір баланың жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185958/)