Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Тәртіп сақшысы Рымғали Жибраев көшеден шыққан қыздың дауысын дер кезінде естіген. Ішімдік ішкен ер адам 6-сыныпта оқитын қызды күштеп үйдің кіреберісіне сүйреген. Учаскелік полицей уақытылы әрекет етіп, қызды аман алып қалды. Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 120-шы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Рымғали Жибраев, учаскелік полиция инспекторы:
Кішкентай қыз қатты қорқып қалған. Оны жұбатып ата-анасының телефонын анықтадым. Бірден хабарласып полиция бөлімшесіне келуін өтіндім. Ол кезде оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам тексеру бөлмесінде болды. Нәтижесінде ол орташа дәрежедегі мас күйде болған.
Тәуірбек Бозекен
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде полицей оқушы қызды мас адамнан құтқарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/185980/)