Бас прокуратура Костенко шахтасындағы апатқа қатысты тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Оған сай, жарылысқа метанның тұтануы себеп болған. Әрі тергеу барысында шахтаны пайдалану кезінде өндірістік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ еңбекті қорғау ережелерінің сақталмағандығы анықталған. Қазір қызметіне жауапсыз қараған 7 адам тергеу изоляторында жатыр. Олар негізінен шахта басшылығы. Еске салайық, Костенко шахтасында қазан айында болған апат кезінде 252 адам жер астында қалып қойған еді. Оның 206-сы құтқарылып, 46-сы көз жұмды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас прокуратура: 7 адам тергеу изоляторына қамалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186012/)