Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді. Жүк тиелген ұшақ Алматы әуежайынан ұшып кетті. Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы - 38 тонна. Ішінде 14 түрлі тауар бар. Олардың дені азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Палестина халқына бір миллион доллдар көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186018/)