Павлодардағы қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері осы мекеменің аула сыпырушысына тосын сый жасады. Төлеген Мушкин 69 жасқа толды. «Бұрын біз аға дейтін едік, енді ата болды», - дейді әріптестері. Себебі, талай жыл бойы департамент аумағының тазалығына жауапты азаматтың зейнеткер екендігін ұжымда бірде-бір адам білмеген. Сырт көзге тым жас көрінеді. Оның үстіне, қимылы өте ширақ, жұмысты жылдам істейді, - дейді ұжым өкілдері. Тосын сыйға толқыған туған күн иесі құрмет көрсеткен ұжымға алғыс айтты.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері еңбек адамына құрмет көрсетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186021/)