Ақмола облысы мен солтүстік өңірлерде аяз күшейді. Түнгі уақытта ауа температурасы минус 32-35 градусқа дейін жетті. Желдің екпіні секундына 9-14 метр. Аязға байланысты бүгін Елордада бірінші ауысымның тоғызыншы сыныпқа дейінгі оқушылары мектепке бармайды. Сабақ онлайн өтеді. Ал Қарағанды мен Теміртауда сабақ екі сағатқа кеш басталады.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің бірнеше аймағында аяз күшейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186039/)