Шетелде де ауа райы елді әбігерге салып жатыр. Қытайдың солтүстігін қалың қар басты. Әсіресе Хенань провинциясының астанасы Чжэнчжоу қаласындағы жағдай қиын. Мұнда бораннан кейін көк тайғақ басталған. Ал аймақта бас-аяғы 192 пойыздың сапары доғарылып, бастауыш және орта мектептер жабылды. Негізгі магистральдарда көлік қатынасына тыйым салынып отыр. Зардап шеккен адамдар туралы мәлімет түскен жоқ.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда ауа райының қолайсыздығынан мектептер жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186070/)