Астанада Аязға байланысты бірінші ауысымның 11-сыныбына дейінгі оқушыларға және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ қашықтан болады. Әрі тағы бірнеше облыстың оқушылары сабақты үйде оқиды. Мәселен, Семейде бірінші ауысымның 4-сынып оқушыларына дейін қашықтан оқуға көшірілді. Қазір мұнда минус 25 градус аяз. Ал Павлодар мен Петропавл қалаларында 11-сыныптың ұл-қыздары да мектепке бармайды. Мұнда ауа температурасы минус 30, минус 36 градусты көрсетіп тұр. Бұған дейін Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанайда оқушылар қашықтан оқитыны айтылған.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқушылар қашықтан оқуға көшірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186116/)