Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Алматы обылысында да көлік қозғалысы қиындай түсті. Мәселен, Қонаев қаласының кіреберісінде ұзын-сонар кептеліс болып, көлік жүргізушілері қаланың ішіне кіре алмай жатыр. Ал облыс әкімдігі кеше кешкі 20:00-ден кейін «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолы, яғни, облыс орталығына баратын жолдың жабылатынын айтқан болатын. Айта кетейік, Қонаев қаласының көшелерін қардан тазалау үшін дәл қазір 11 техника, 30 адам жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, Алматыда түннен бері жауған қардың салдарынан мегаполисте кептеліс пайда болып, көлік апаты жиіледі. Таңға дейін 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Төрт адам жарақат алған. Арасында автобустар да бар. Алматы полициясы қалалықтарға көлік дөңгелегін қысқы мезгілге сай ауыстыруды тағы да ескертіп отыр.
Әйгерім Ердәулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында жол жабылып, апат көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186122/)