Ақмола облысында алимент төлемеген 28 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазір оның 8-іне айыптау үкімі шығарылды. Тағы 5 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Прокурорлардың мәліметінше, алименттен жалтарғандардан жыл басынан бері 600 миллион теңгеден астам ақша өндіріліп алынған. Ал биыл сот үкімін орындамаған 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 28 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186142/)