Оралда жаңа жылдан бастап жолақы құны 100 теңге болады. Қалалық мәслихат депутаттарының басым бөлігі тарифті өзгертуді қолдап, дауыс берді. Қазір автобуста билет бағасы электронды түрде - 80 теңге, қолма-қол ақшамен - 150 теңге. Қала әкімдігі жолақыны көтеру амалсыздан жасалған қадам дейді. Себебі автобустар ескі, жанармай қымбаттады, жүргізуші жетіспейді, қысқа дайындық нашар. Қалада жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорын бар. Соңғы алты жылда оларға берілетін субсидия 5 млрд теңгеге жеткен. Бірақ бұл қаражат тасымалдаушылардың шығынын жабуға жеткіліксіз болып шықты.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда жаңа жылдан бастап жолақы құны 100 теңге болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186205/)