Петропавлда бірнеше күннен бері қоқыс шығарылған жоқ. Оған теріскейдің саршұнақ аязы себеп болып отыр. Қалада тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын 4 компания бар. Техниканың басым бөлігі тозған. Ескірген көліктер суықта қайта-қайта істен шығып жатыр.
Әсем Айтолла, Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
Ауа райының сууы бұл мәселеге кесірін тигізбеуі қажет. Сондықтан қоқысты уақытылы шығармаған компанияларға айыппұл енгізілетін болады.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда бірнеше күннен бері қоқыс шығарылған жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186217/)