Бүкіл елді әбігерге салған аяздың беті біртіндеп қайтады. Дегенмен қолайлы ауа райы болады деп айтуға әлі ерте. Синоптиктер болжамы осындай. Алдағы үш тәулікте елдің бірқатар облысында күн жауын-шашынсыз ашық болады. Бірақ шығыста аязды температура сақталады. 15-16 желтоқсанда елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, боран, таулы аудандарда тұман, республиканың батысында құмды дауыл күтіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бірқатар өңірде аяз бәсеңдейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186234/)