Еліміздің шығысында да өрт жиелеген. Тек соңғы бір тәулікте 6 оқиға тіркелді. Тек Өскеменнің өзінде, өткен түнде 2 автокөлік өртенді. Екі жағдайда да, иелері көліктерін отты құралмен қыздырған. Өңірде көлікпен қоса, жеке үйлердің де отқа орнауы көбейген. Өткен түні Алтай ауданында екі/ ал, Шемонайхада бір үй өртенген. Жалпы, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыста бір тәулікте 6 өрт оқиғасы тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186256/)