Хоккейден жастар арасындағы Қазақстан құрамасы кезекті жеңіске жетті. Әлем чемпионатына қатысып жатқан спортшыларымыз франциялық қарсыластарымен кездесіп, оларды 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша үшінші матчын өткізген жастар құрамасы жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді. Келесі ойын бүгін сағат 17:30-да Жапония құрамасына қарсы өтеді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық жас хоккейшілер кезекті жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186270/)