540 мың көпбалалы отбасы биыл мемлекеттен жәрдемақы алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, оларға 376 млрд теңгеден астам төлем аударылған. Жәрдемақы кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп баласы бар отбасыларға тағайындалды. Атап айтқанда, 4 бала үшін 55 мың 304 теңге, 5 балаға 69 мың 138, 6 балаға 82 мың 973 теңге көлемінде төлем бекітілді. Ал 7 бала үшін 96 мың 807, 8 немесе одан да көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 800 теңге төленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл 540 мың отбасыға мемлекеттен жәрдемақы төленді – министрлік&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186303/)