Петропавлда 2 мыңнан астам отбасы газсыз отыр. Жаз маусымында пайдалануға арналған көгілдір отын қақаған аязда қатып қалды. Қала тұрғындарын газбен қамтушы компанияның апаттық қызметіне бір аптада 100-ге тарта шақырту түскен. Жұмысшылар құбырларды қайта іске қосып үлгермей жатқандарын айтады. Осының салдарынан 2-3 күннен бері газсыз отырған үйлер бар. Дегенмен мамандар көгілдір отынның аязда қатып қалуының себебі бар дейді.
Рита Сумликина, газбен қамтушы компания директорының міндетін атқарушы:
Талапқа сай қыста «техникалық пропан» маркасы қолданылады. Сұйық отынның бұл түрі қымбат. Тамыз айында облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті қысқы газдың құнын жаздық отынмен теңестіріп тастады. Салдарынан 4 айдан бері коммерциялық тендерде «техникалық пропан» ала алмай отырмыз. Қаңтар айында тағы да қатты аяз болады. Газ қатады.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда көпқабатты үйлер көгілдір отынсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186318/)