Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың 12-ші пакетін бекітті. Келер жылдың қаңтарынан бастап ЕуроОдақ елдеріне Ресейден алмаз сатып алуға тыйым салынады. Табиғи, синтетикалық алмаздан бөлек, үшінші мемлекеттерде өңделген ресейлік гауһар тастарды да импорттауға болмайды. Сондай-ақ, болат өндірісіне қажетті шикізат, алюминий мен металдан жасалған бұйымдар тасымалданбайды. ЕуроОдақтың санкциялық қара тізіміне бұл жолы Ресейдің 29 әскери-өндірістік кешені енгізілді.
Нұрсұлу Қасым
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропалық Одақ Ресейге қарсы жаңа санкциясын бекітті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186443/)