Қазақстандықтардың депозит салымы 18 трлн 800 млрд теңгеден асты. Finprom зерттеушілерінің дерегіне сүйенсек, банкке салынған ақша бір жылда 10,8 пайызға, яғни 1 трлн 800 млрд теңгеге өскен. Депозит өсімі елдегі 21 банктің 18-інде байқалады. Жалпы банк салымшылары мен олардың жинақ көлемі жылдан жылға артып отыр. Оның 76,4 пайызы мерзімді депозит болса, қалғаны шартты депозиттер мен арнайы шоттар.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықтың депозитке салған салымы жыл басынан бері 11 %-ға өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186483/)