Жезқазған жылу электр орталығында істен шыққан қазандықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ҮШ қазандық бірдей істен шыққан. Әуелі су үнемдегішіндегі ақауға байланысты нөмірі 4-ші қазандықты тоқтатуға тура келіпті. Араға уақыт салып, тағы бір қазандықта сызат пайда болған. Енді бірінің, түтін тартқыш қозғалтқышы істен шыққан. Салдарынан қалаға жылу 2-ші қазандық арқылы берілген. Сол себепті үйлерге жіберілген жылудың нормасы қалыпты деңгейден 10 градусқа төмендеп кеткен. Кеше кешке төртінші және алтыншы қазандықтардағы ақау жөнделді. Енді бүгін бесінші қазандық іске қосылады, - дейді қала әкімі Қайрат Шайжанов.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жезқазғанда қазандықтардағы ақау әлі жөнделіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186493/)