Оралда кәсіпкерлер көпбалалы және мұқтаж отбасыларға 70 келіге тартатын азық-түлік таратты. Көмекті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары мен еріктілер әр үйге жеткізіп берді. Азық-түлік себетінде макарон, күнбағыс майы, шай, сүт, көкөніс пен жеміс-жидек секілді әлеуметтік маңызды өнімдер бар. Балалар үшін тәтті-тәпсек те салынған. Қайырымдылық акциясы жыл аяғына дейін жалғасады. Шара аясында 20 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да кәсіпкерлер көпбалалы және мұқтаж отбасыларға көмектесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186501/)