«Болашақ» халықаралық стипендиясының кезекті иегерлері анықталды. Мемлекттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Оның шешімімен, 167 адам білімін шыңдауға мүмкіндік алды. Олардың 65 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар және жаратылыстану ғылымдарын таңдаған. Ал қалған 35 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады. Сонымен бірге, 481 адамға жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту үшін стипендия тағайындалды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186545/)