Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округында болған газ жарылысынан тағы бір адам қайтыс болды. Оқыс жағдай 17-желтоқсан күні таңғы сағат 4 шамасында болған еді. Тұрғын үйдің газ құбырында жарылыс болып, 4 адам ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақаттан 1991 жылы туған бір адам қаза болды, екінші адам араға бірнеше күн салып жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында газ жарылысынан екі адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186632/)