Маңғыстауда қатты тұрмыстық қалдықтар мен стихиялық қоқыстарды жоюға арналған арнайы бағдарлама әзірленді. Оның аясында алдағы 3 жылда полигондардың жұмысы жүйеленіп, санитарлық нормаларға сай келмейтіндері заңдастырылады.
Сондай-ақ қала, ауыл-аймақтардағы тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер саны реттелмек. Биыл аймақта қоқыс үйілген 110-нан астам жер анықталған. Оның басым бөлігі Жаңаөзен қаласы аумағында шоғырланған. Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласының айналасында да тау болып үйілген қатты қалдықтар табылды. Бүгінде сол жерлердің 80-нен астамы тазартылған. Енді шамамен 40 мың тоннадай қоқыс қалды.
Әсел Балманова, Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Жалпы қазіргі таңдағы стихиялық қоқыстарды жоюға бағытталған қаражат көлемі қарастырылды. Бұл бағдарламаның аясында қатты құрмыстық қалдықтарды жоюға арналған полигондар және де уақытша сақтау полигондары барлығы ретке келтіріледі.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында қоқысты жоюға арналған арнайы бағдарлама әзірленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186780/)