Маңғыстаудағы Ақшымырау ауылында топтық төбелестің салдарынан бір тұрғын қаза тапты. Тағы 2 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Оқиға таңғы мезгілде болған. Ер адамдар арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. 32 жастағы тұрғын 3 бірдей ауылдасын пышақтап тастаған. Соның салдарынан 39 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында төбелес салдарынан бір тұрғын қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186785/)