Үндістанның солтүстігіндегі бірнеше қаланы қою түтін басты. Бұған ауа температурасы төмендеп, жел соқпауы себеп. Жергілікті телекомпаниялар хабарлағандай, ауаның қатты ластануынан Шринагар, Амритсар және мемлекет астанасы Нью-Дели зардап шегіп отыр. Олардың кейбірінде жақын жердегі адам мен көлікті көру қиындаған. Үндістанның Метеорология департаментінің хабарлауынша, елдің солтүстік-батысы мен орталығында түтін әлі үш-төрт күн бойы сейілмеуі мүмкін.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда бірнеше қаланы қою түтін басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186798/)