Биыл 11 айда Қызылорда облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республика ішінде алғашқы үштікке енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Ресми ақпарат бойынша, инвестиция көлемі 18,4%-ға өсіп, шамамен жарты триллион теңгеге жеткен. Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қаржылық қолдауға түрлі көздерден 63 миллиард теңге тартылып, 4,6 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Биыл өңірде білім саласына 278 миллиард теңге бөлінді. 4 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, тағы төрт мектепке 2 мың орындық қосымша ғимарат салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында биыл білім саласына 278 млрд теңге бөлінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186812/)