Келесі жылдан бастап миллион 800 мың қазақстандықтың табысы артады. Ең төменгі жалақының өсуі жекеменшік нысанда еңбек ететін барлық жұмысшының еңбекақысына әсер етеді. Оның ішінде 350 мың адам - бюджеттік қызметкер. Жалпы жұмыс берушілер алдымен ең төменгі жалақы алып отырғандардың табысын өсіріп, артынша басқа да қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарауы тиіс. Қазір ең төменгі жалақы мөлшері - 70 мың теңге. Келесі жылы 85 мыңға өседі. Алдағы үш жылда оның мөлшері тағы 2 есе ұлғаяды.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 1,8 млн адамның жалақысы өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186853/)