Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін өскені тіркелген. Абоненттер бағаның қымбаттағанына шағымданған. Өтініштерді қарау кезінде биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтерінде бағаның өзгеру динамикасы талданған.
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұялы байланыс операторларына қатысты тексеріс басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186854/)