Астанада күн сайын орта есеппен қызылшамен ауырған 45 адам тіркеледі.
3300-ден астам науқастың 71 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Дені вакцина алмаған. Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы екпесі жоқ адамдар анықталуда. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қараша айынан бері 35 754 адамға вакцина салынды.
Динагүл Баешева, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының кафедра меңгерушісі:
Бүкіл елдерді озып, дүние жүзінде 3-ші орынға келіп отырмыз. Неге десеңіз ауырған адамдардың саны күннен-күнге көбейіп келеді. Бұл өте қауіпті ауру. Бұның жұқпалы индексі 100 пайыз.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада қызылша жұқтырғандардың саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186865/)