11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Осының арқасында 140 мыңға жуық отбасы үй жағдайларын жақсартты. Үкімет салада атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында осы бағыттар бойынша нақты міндеттерді белгілеген болаты. Яғни 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті тұр. Сол сияқты үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан проблемалық үйлердің барлығының құрылысын аяқтау.
Қаракөз Тұрмағанбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/186902/)