Атырауда үй өртеніп, 5 адамды күйік шалды. Оқиға кеше 11:10 шамасында Көкарна ауылы, Көкарна көшесіндегі тұрғын үйдердің бірінде борлған. СаІІ орталыққа аталған мекенжайда үй түтіндеп жатқаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнына жетіп, газ-ауа қоспасының дүмпуі болғанын анықтаған. Салдарынан үйдің қабырғалары қирап, 140 шаршы метр алаңды қызыл жалын жалмаған. Өрт бір сағат ішінде толық жойылды. 5 адамды күйік шалып, олар қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда үй өртеніп, 5 адамды күйік шалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/187044/)